ТЕАТРЛЫҚ ӨМІРІ

1920 жылы Иса Байзақов "Болыс" пъесасын жазып, оны сахнаға қойды. Қойылым Қызылжар ауылында өтті, Иса Байзақов Дүйсембайдың басты рөлін ойнады. Пьеса табыспен өтті.

Үргілі ауылының жастары Иса Байзақовтың "Ес-Аймақ" үйірмесіне бірігіп, өз күшімен мектепті салды. Осы мектепте ақын жерлестерін домбырада ойнауды үйретті, концерттерді өткізді. Тамаша атқұмар болып, шабандоздыққа үйретті.

Білім беруді жалғастыру шешімін қабылдап, 1921 жылы Семей қаласында рабфакқа түседі. Мұнда Иса Байзақов Әміре Қашаубаевпен кездеседі, олардың арасында берік шығармашылық қатынас пайда болды.

Әміре Қашаубаев Иса Байзақовпен бірге спектакльдерге, концерттерге қатысады, олармен бірге әнші Майра қатысады. Зайсан, Тарбағатай аудандарына жиі барып отырды, олар барлық жерде үлкен табысқа ие болды: сүйікті әртістерді тыңдау үшін кісілер алыс жақтан келіп отырды.

Иса Байзақов М.О.Әуезовтың «Енлік-Кебек» және «Бәйбіше-тоқал» пьесаларында басты рөлдерді ойнады. Бұл пьесалар бірінші Қазақ ұлттық театрдың сахнасында қойылды (1926 жылы Қызыл-Орда қаласында ашылды)

Материалдар http://www.biografia.kz/literatura/bayzakov-isa.html, http://site3853.citylife.kz/, www.help-rus-student.ru сайттарынан алынды

     * Құралай сұлу

      * Алтай          аясында

      * Он бір күн,
         он бір түн

      * Кавказ

      * Ақбөпе

      * Ұлы құрылыс

      * Қырмызы-
         Жанай

      * [Клеопатра]

      * Қойшының          ертегісі



                                   
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2011 И.Байзақов сайты