Исаның сөз қағысулары мен бірқақпайлары


ИСАНЫҢ ҚҰДАЙБЕРГЕН АҚЫНМЕН ҚАҚТЫҒЫСЫ

Қ ұ д а й б е р г е н:

Сұрасаң өз атымды Құдайберген,
Халқыма айтқан сөзім ұнай берген.
Жынданып өлең буып жатқанымда,
Ұстазым Ғимадетдин дұға-ай берген.

Баласын Орта жүздің араладым,
Үш жүзге даңқым жетіп тарағанмын.
Бойында үлкен Қараой Қадиша қыз,
Айтысып оны жеңіп жол алғанмын.

Омбыда Сүйімбаймен салысқанмын,
Көкшетауда талайымен жарысқанмын.
Қызылжар, Көкшетауды сайран қылып,
Атбасар, Омбы барып көп қыстадым.

Жас ақын, жаңа талап ақын Иса,
Қолыңа домбыраңды сен де ұстадың.
Ағаңмен айтысуға дәме қылсаң,
Берейін кезек саған, мен бастадым!

И с а:

Құдеке, қолың жетті көп сұңқарға,
Шарқ ұрып таныс болдын жақсыларға,
Көңілі өскен, көкірегің кең, биік жансың
Сөйлесер сізбен менің күшім бар ма?

Иесі осы үйдің ер Жылқыбай,
Бүркіттің шыңға шыққан қыранындай,
Елі үшін азап шегіп ауыр жолда,
Құтқарған қиыңдықтан ерді талай.

Қанаты еліміздің шын қайрылды,
Бір жылда бар сұңқардан ел айрылды,
Қайғырып Қызыл ағаш жалпақ елі,
Ой мен қыр тегіс келіп бата қылды.

Құдеке-ау, менменсініп келдің қатаң,
Болмай-ақ қойсын аят, құран, батаң,
Өлеңмен айтар көңіл көп болды ма,
Бір адым шықпас па еді аруақты атаң.

Жеңдім деп алыс жерде әлдекімді,
Құр кердің мақтанменен көкірегінді,
Ұялып сіз үшін мен зорға отырдым,
Сүйегім намыстанып жаман сынды.


     * Құралай сұлу

      * Алтай          аясында

      * Он бір күн,
         он бір түн

      * Кавказ

      * Ақбөпе

      * Ұлы құрылыс

      * Қырмызы-
         Жанай

      * [Клеопатра]

      * Қойшының          ертегісі



                   
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2011 И.Байзақов сайты