«Исаның Құдайберген ақынмен қақтығысы» - Бұрынғы басылымдарда бұл шығарма айтыс деп берілген. Бірақ айтыстың таза белгілері көрінбейді. Бір реттен ғана жауаптасып ақындар сөзін доғарған. Сондықтан бұл сөз қағысу деп есептелуге тиіс. Жалпы, Исаның көп айтысқа қатысқаны белгілі. Алайда олардың мәтіндері не хатқа түспеген, не сақталмаған. Исаның айтысы деп жарияланып жүрген айтыс үлкен айтыстан гөрі жауаптасу, сөз қағысу ретінде ғана көрінеді. Сондықтан бұл бөлімді айтыс деп атағанымыз жоқ. Айтылмыш шығармаға келер болсақ, оның тексін С. Бегалин 1946 жылы Исаның өз аузынан жазып алған. Кейін бұл текст 1956 жылы «Құралай сұлу» жинағына, содан соң 1983 жылғы екі томдыққа енген. Кітапқа соңғы басылым бойынша беріліп отыр.

«Исаның Зылиқамен қағысуы» - Бұл шығарма тұңғыш рет Исаның туындысы ретінде жеке бөлініп, беріліп отыр. Атауы шартты түрде қойылды. 1983 жылғы басылымда бұл шумақтар С. Бегалиннің «Ақын өмірінен» деген жазбасының ішінде берілген. Исаның айтуынан жазып алған Сапарғали Зылиқа Исаның апасы екенін айтады. Алдымен Зылиқа сөзбен тиіседі. Иса бір шумақпен оған жауап береді. Текст 1983 жылғы жинақтағы нұсқа бойынша берілді.

«Исаның Нұрғожаға айтқаны» (атауы шартты түрде қойылды). - Бұл шумақ С. Бегалин жазбасынан алынып, тұңғыш рет жеке беріліп отыр. С. Бегалиннің жазуы бойынша Нұрғожа деген ауыл арасындағы өлеңші өзін «Нұрғожа Мәшһүр» деп таныстырыпты. Иса дереу өлеңмен жауап беріпті. Текст 1983 жылғы екі томдықтан алынды.

«Жаңадан айтып кетті Балақадыр» (атауы шартты түрде қойылды). - Бұл шумақ жазушы А. Хангелдиннің естелігінен алынып отыр. Хангелдин Ташкентте болған Абай туралы дискуссия жайында айта келіп, кейбір адамдардың соның ішінде Балақадыр деген жігіттің сыңаржақ, солақай пікіріне қарсы айтылған Исаның өлең шумағын келтіреді. Текст 1983 жылғы екі томдық бойынша берілді.

«Жақын деп жанымды ұғар сәлем бердім» (атауы шартты түрде), - Бұл шумақ С. Бегалиннің «Ақын өмірінен» атты естелігінен алынып отыр. С. Бегалиннің айтуы бойынша бұл экспромт 1940 жылы Бурабайда дүниеге келген. 1983 жылғы екі томдық жинақ бойынша берілді.

«Домбыра, екі ішекті, ішің қуыс» (атауы шартты түрде). - Үш шумақтан тұратын өлең аса көрнекті актер Қ. Қуанышбаевтың естелігінен алынды. Естелік авторының айтуына карағанда Иса бұл өлеңді Қоянды жәрмеңкесінде сауыққойлар жиналған бір үйде табан астында шығарып айтқан. Текст 1983 жылғы жинақтан алынды.

«Көз тіккенде мылтықтан оқ зу етті» (атауы шартты түрде). -Шумақ белгілі ақын С. Керімбековтің естелігінде келтірілген. Саяділдің айтуынша, Иса бұл импровизациясын аң аулап жүргенде шығарған. 1983 жылғы екі томдыққа енген текстен алынды.

«- Уа, Жәке, көпті көрдің, достык кімде» (атауы шартты түрде). - Бұл да С. Керімбековтің естелігінен. Өлең жұбайы қайтыс болып, қам көңіл болып жүрген Исаның Жамбылға қарата айтқан сөзі. Жәкең бұл өлеңді естігеннен кейін Исаға үлкен бір жылы сезімін білдіреді. Өлең 1983 жылғы жинақ бойынша берілді.

«Сұм заманға кез болдық» (атауы шартты турде). - Бүл жолдар карт мүғалім У. Шамсутдиннің естелігі негізінде жеке шығарма ретінде беріліп отыр. Естелік авторының айтуы бойынша, Иса бүл импровиза-циясын жиырмасыншы жылдары окушылар алдында айткан. 1983 жыл-ғы екі томдык жинактан алынды.

«Ассалаумағалейкум, болыс аға» (атауы шартты түрде). - Бұл шумақ та аталған естелік бойынша беріліп отыр. 1983 жылғы екі томдықта жарияланған.

«Екі бала қол ұстасып үй болды ғой» (атауы шартты түрде). - Бұл жолдар артист X. Байырманов естелігінде келтірілген. Өлең осы артистің жұбайы Рахиламен үйлену тойында айтылған. Естеліктен жеке шығармалар ретінде алғаш рет бөлініп алынды. Мәтін 1983 жылғы екі томдық жинақ бойынша берілді.


Материалдар Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясын ғылыми-зертеу орталығынан алынды

     * Құралай сұлу

      * Алтай          аясында

      * Он бір күн,
         он бір түн

      * Кавказ

      * Ақбөпе

      * Ұлы құрылыс

      * Қырмызы-
         Жанай

      * [Клеопатра]

      * Қойшының          ертегісі



                   
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2011 И.Байзақов сайты